Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсу қарқыны төмендетіледі

1749
Фотосурет: primeminister.kz

Елімізде коммуналдық кызметтердің бұған дейін болжанған тарифтері  қайта қаралып, төмендетілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектенов бұл шешім инфляция қысымын азайтып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын атап өтті.

Тарифтердің өсу қарқынын тежеу алдын ала жоспарлаған түзетулердің бір бөлігін кейінге қалдыру, ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту, монополистердің операциялық шығындарын қайта қарау сынды бірқатар шаралар есебінен мүмкін болды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тарифтердің өсу қарқынын айтарлықтай баяулату жоспарланып отыр.

«Тарифтердің өсуі жалғасады. Бұл күрделі мәселе. Бірақ Үкімет бұл туралы ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге келтіру саясатын жүргізуде. Тарифтердің ұзақ уақыт бойы қатаң реттелуі және ТКШ-ға инвестиция салуға мүлде мүмкіндік болмағаны 2022 және 2023 жылдары Екібастұздағы, Риддердегі апаттарға әкелді. Егер біз қыста үйімізде тұрақты түрде жылу, жарық, су болып, инженерлік желілер дұрыс жұмыс істесін десек, тарифтердің өсу жолымен жүруге тура келеді. Нәтижесінде тарифтердің өсу қарқыны 35%-дан 20%-ға дейін төмендейді. Егер биыл өсім тіркелсе, жыл соңына дейін қайтадан қымбаттау болмайды» Олжас Бектенов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -