«ҚТЖ» клиенттері жүктерінің қозғалысын онлайн бақылай алады

1617
Фотосурет: freepik.com

«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық қызметтері eGov Business-те қолжетімді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Бірыңғай цифрлық терезе» сервисі eGov Business мобильдік қосымшасында қолжетімді болды. Бұл функционал пайдаланушыларға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен логистикалық қызметтер бойынша ыңғайлы әрі тиімді өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Сервистің басты мақсаты – логистикалық қызметтердің сапасын арттыру. Бірыңғай цифрлық терезе арқылы пайдаланушылар шарттарды басқару, өз операциялары бойынша аналитикалық деректерді алу, Call-орталыққа немесе әлеуметтік желілер арқылы сұрау жолдау сияқты түрлі цифрлық құралдарды пайдалана алады. Сонымен қатар, енді клиенттер қызметке өтінімді оңай рәсімдеп қана қоймай, жүктерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалап, көрсетілген қызмет сапасына қатысты кері байланыс бере алады.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға қажетті әрекеттер:

  • eGov Business мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;
  • «АҚ «ҰК ҚТЖ» – қызметін таңдау керек;
  • қызметпен танысу.

Жаңа функционалдың іске қосылуы логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Бұл сервис «ҚТЖ» ҰК» АҚ көрсететін қызметтерді бірыңғай платформада біріктіріп, оларға жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -