Токаев жас шахматшының FIDE 2025 Әлем кубогындағы жеңісін атап өтті

1925
Фотосурет: instagram.com//m_kamalidenova

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

"Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді" Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -