Жұмысшы мамандықтар жылы: «Балдауренде» колледждің үздік студенттері бас қосады

1441
Фотосурет: UKIMET

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысында өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

21–23 шілде аралығында Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді. Шараға еліміздің барлық өңірінен 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылады. Слеттің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың көшбасшылық әлеуеті мен кәсіби дағдыларын дамыту.

Слет тәжірибе алмасу, өзін-өзі таныту және білім, жұмыспен қамту саласындағы өзекті үрдістерді талқылау алаңына айналады. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлерін талқылап, жұмысшы мамандықтар бойынша мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысады.

Слет бағдарламасына мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтар, тәжірибелік сессиялар мен командалық белсенділіктер кіреді. Әсіресе өзін-өзі таныта білу, сыни және креативті ойлау, топпен жұмыс жасау және қарқынды өзгеріп жатқан кәсіби ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -