Қазақстан металлургиясы: Концентрат жеткізілімі артты, кен орындары қалпына келтірілуде

1265
Фотосурет: UKIMET

Металлургия 40,1% үлеспен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі драйверге айналып отыр.

Бірінші жартыжылдық қорытындысы мен саланың одан арғы өсу перспективасы 17 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Металлургияда жоғары өсу қарқынын сақтау оңай міндет емес: 2024 жылы сала соңғы 10 жылдағы рекордтық 6,9% өсімге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың өндірістік қуаты 90-100% жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін шектеуде.

Былтырғы жоғары базаға қарамастан, 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 0,1%-ға өсті. Саланың өсу қарқынын арттыру үшін арнайы жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, құжаттағы бірқатар аралық мақсатқа қол жеткізілген.

Атап айтқанда, «Жомарт» кенішінде қалпына келтіру жұмысы аяқталып, Ақтөбе мыс компаниясынан «Қазцинк» кәсіпорындарына мырыш концентратын жеткізу көлемі ұлғайды. KAZ Minerals тобы отандық зауыттарға мыс концентратының ірі партиясын жөнелтті. Бұл жыл соңына дейін оны ел ішінде қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин салалық министрлікке негізгі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлердің әкімдігімен бірлесіп, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс басшыларымен проблемалық мәселелерді жедел пысықтауды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -