Қауіп пен үміт арасында: Сәтбаев шыңында 8 сағат бойы турист іздестірілді

1584
Фотосурет: DKnews

Алматы облысы Қарасай ауданында Сәтпаев шыңында 4317 м іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

23 жастағы турист соқпақтан адасып, тік жартасты беткейде қалып қойған. Өздігінен түсуге мүмкіндігі болмаған. Зардап шегушімен байланыс тұрақсыз болды, геолокация анықталмаған.

Құтқару операциясын жүргізу үшін кинологпен бірге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жедел түрде жолға шықты. Іздеу жұмыстары биік таулы, сусыма тастар мен тік жартастар кездесетін қиын өткелдерде жүргізілді.

Іздеу жұмыстары 8 сағаттан астам уақытқа созылды. Турист табылып, таудың етегіне дейін жеткізіліп, одан әрі қалаға дейін ілесіп жүріп отырды.

РЖҚЖ құтқарушыларының кәсібилігі мен төзімділігінің арқасында операция сәтті аяқталды — зардап шеккен азамат аман-есен құтқарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -