Ұлттық ұлан жауынгеріне бір милиион теңге табыстады Ефрейтордың ерлігі ескерілді

1661
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Үлбі өзеніне батып бара жатқан қызды құтқарған әскери қызметші бір миллион теңгеге ие болды.

Өскемен қаласындағы «Казцинк» зауыты жыл сайын батыл әрекет жасаған өңір тұрғындарына құрмет көрсетіп, қаржылай сыйлықтар ұсынады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кәсіпорынның «Ізгі жүрек» сыйлығы аясында табысталған марапатқа биыл Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің аға сарбазы ефрейтор Жанасбек Пермабек ие болды. Еске салайық, ефрейтор еңбек демалысында ерен ерлігімен көзге түскен болатын. 

Ол  Өскемен қаласында Үлбі өзенінің жағасында серуендеп жүріп,  суға тұншығып, айналасынан көмек сұраған қызды байқайды. Әскери қызметші ағысы қатты өзенге дереу сүңгіп, қызды құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін «Казцинк» компаниясы «Ізгі жүрек» аталымы бойынша ефрейторға 1000000 теңгенің сертификатын табыстады. Еске салайық, Ұлттық ұлан жауынгерлері қатарынан үшінші мәрте кәсіпорын ұсынған сыйлықтың иегері  атанып отыр.

Айта кетейік, ефрейтор Жанасбек Пермабек бұған дейін көрсеткен ерлігі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын. Жанұяда төрт баланың ардақты әкесі Ұлттық ұлан қатарында он жыл бойы абыройлы қызмет атқарып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -