Қазақстанның креативті секторы қарқынды дамып келеді

1452
Фотосурет: freepik.com

Қазақстан Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) креативті өнімдер мен қызметте» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға, ал кинематография саласында 60-орыннан 31-орынға көтерілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгінде елде 16 креативті орталық жұмыс істеп, акселераторлар, халықаралық тағылымдамалар мен білім беру бағдарламалары іске қосылған. Бұл бастамалар керативті азаматтар мен жобаларды қолдауға бағытталған.

2025 жылдың екінші жартысында Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Қор төрт негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару.

2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4% бөлшек сату салығын енгізген арнайы салық режимі іске қосылды. Бұл шара креативті индустрия субъектілерінің санын жыл сайын шамамен 17%, яғни 46 667 кәсіпорынға көбейтті.

Мемлекеттің 2029 жылға қойған жоспары бойынша креативті индустриялардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін 2%-ға дейін арттыру (бүгінде 1%), креативті өнімдер мен қызметтер экспортынының көлемін 115 млн АҚШ долларына, ал осы салада қызмет ететін мамандар санын 180 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Бұл шаралар креативті индустрияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызын көрсетіп, елдің әлемдік нарықта жоғары орындардан көрінуіне сеп болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -