Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Еліміздің әр өңірінен келген әскери бөлімдердің сарбаздары мен офицерлері қатысқан додада 70-ке жуық спортшы күш сынасты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен жарыс барысында 7 команда 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Қатысушылар арасында ел және Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де бар.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Сәтжан Әбішевтің айтуынша, бұл жарыс алдағы уақытта өзге өңірлерде де жалғасын табады. Жеңімпаздар Ішкі істер министрінің кубогіне қатысуға мүмкіндік алады.
Қорытынды бойынша командалық есепте:
- 🥇 1 орын – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
- 🥈 2 орын – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
- 🥉 3 орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы иеленді.
Жеке нәтижелер:
Спорттық самбо:
58 кг дейін:
- 🥇 Жасұлан Базарбай (6655 ә/б)
- 🥈 Ержан Конуров (6505 ә/б)
- 🥉 Төрехан Ғайып (5573 ә/б)
64 кг дейін:
- 🥇 Қылыш Еренқайыпов (6505 ә/б)
- 🥈 Салих Шәріп (6655 ә/б)
- 🥉 Эльдар Арипов (5514 ә/б)
71 кг дейін:
- 🥇 Ғазиз Бейбіт (6655 ә/б)
- 🥈 Ұлан Елеусізов (5573 ә/б)
- 🥉 Бекзат Түскен (Академия)
79 кг дейін:
- 🥇 Ерсұлтан Дүйсенхан (5573 ә/б)
- 🥈 Керім Фермабек (6679 ә/б)
- 🥉 Мирас Сәкен (5546 ә/б)
88 кг дейін:
- 🥇 Азат Қуанов (6655 ә/б)
- 🥈 Нұрболат Орынбаев (5571 ә/б)
- 🥉 Нұрбұлан Серікбек (5518 ә/б)
98 кг дейін:
- 🥇 Мадияр Мақаш (Академия)
- 🥈 Ахметәлім Бейбітхан (5518 ә/б)
- 🥉 Рахат Құрманбай (5574 ә/б)
Жауынгерлік самбо:
58 кг дейін:
- 🥇 Арман Турумбетов (6655 ә/б)
- 🥈 Нұрсұлтан Мұрзахмет (5518 ә/б)
- 🥉 Қабидолла Қозыбаев (6637 ә/б)
64 кг дейін:
- 🥇 Жандос Өтеғұлов (5517 ә/б)
- 🥈 Мәлік Байсұлтанов (6697 ә/б)
- 🥉 Елнұр Ғазизов (6506 ә/б)
71 кг дейін:
- 🥇 Руслан Қазыбай (6655 ә/б)
- 🥈 Нұрдәулет Базылжан (5573 ә/б)
- 🥉 Жандос Ғалымжанов (6697 ә/б)
88 кг дейін:
- 🥇 Ержан Манарбек (5571 ә/б)
- 🥈 Эльдар Шалқар (3514 ә/б)
- 🥉 Нұржан Егінтай (5573 ә/б)
Бұл чемпионат Ұлттық ұлан қатарындағы жауынгерлердің тек әскери ғана емес, спорттық шеберлігі де жоғары екенін дәлелдеді.