Қағазбен қоштасу: «Бахты» мен «Алакөл» өткізу пункттері цифрландыру арқылы жаңаруда

1738
Фотосурет: Gov

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы “Бақты” мен “Алакөл” өткізу пункттеріне барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 21 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасындағы негізгі «Бақты» мен «Алакөл» кедендік өткізу пунктін жаңғырту барысымен танысты.

"Бақты" өткізу пунктіy қозғалысты тоқтатпай реконструкциялау

"Бақты" өткізу пунктінде ЕАЭО сыртқы шекарасын жаңғырту жобасы шеңберінде ауқымды құрылыс және техникалық жұмыстар жалғасуда. Белсенді реконструкцияға қарамастан, объект жүктер мен жолаушылардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.

Мыналар:

  • қозғалыс жолақтарын кеңейту;
  • қазіргі заманғы инспекциялық-тексеру кешендерін монтаждау;
  • автоматты таразылар мен цифрлық бақылау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

МКК төрағасы:

  • барлық құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді;
  • кеден маңындағы инфрақұрылымға рәсімдерді шығару есебінен шекарада бақылауды барынша азайтуды тапсырды.

"Алакөл": цифрлық әсер қазірдің өзінде сезілуде

"Алакөл" өткізу пунктінде реконструкциялау аяқталды және 2025 жылғы 12 мамырдан бастап ол толық көлемде жұмыс істейді.

Мыналар:

  • жылдам сканерлеудің жете тексеру кешендері;
  • автоматты салмақ габаритті өлшегіштер;
  • нөмір белгілерін тану жүйелері;
  • логистикалық бақылаудың интеграцияланған жүйесі енгізілді.

Жолақ саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, бұл шекарадан өту уақытын 1-2 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Инспекция қорытындысы бойынша Жандос Дүйсембиев тапсырма берді:

"Жыл соңына дейін шекарадан өтудің орташа уақыты 10-15 минутқа дейін жеткізілсін. Негізгі акцент — цифрландыру және қағаз рәсімдерінен толық бас тарту".

9 өткізу пункті – басымдықта

Ұлттық жаңғырту жобасы шеңберінде 9 автомобиль өткізу пунктін техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 4-інің жұмысы аяқталды:

  • "Қалжат" және "Алакөл" (ҚХР-мен шекарада);
  • "Қапланбек" және "Атамекен" (Өзбекстанмен шекарада).

2025 жылдың соңына дейін тағы 5 өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда:

"Қазығұрт", "Тәжен", "Темір баба", "Майқапшағай" және "Бақты".

Жаңғыртудың мақсаты

Азаматтардың, бизнестің мүддесі және елдің сыртқы экономикалық тұрақтылығы үшін үздік халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы, технологиялық және жоғары тиімді өткізу пункттерін құру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -