Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметті танымал ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөлімі Астана қаласындағы қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен танысуға, оқу сыныптарына, бөлімнің казармалары мен спорт залдарына баруға рұқсат берілді.
Оқушылар әскери қызметшілермен әңгімелесіп, мерзімді және келісімшарттық қызметті өткеру тәртібі, сол секілді әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы білді.
Экскурсия барысында балаларға әскери киім, құрал-жабдықтар мен арнайы құралдар көрсетіліп, жарақтарды киіп көруге және техниканы ішіне кіруге мүмкіндік берілді.
"Бұрын мен әскер туралы көп білмедім, енді бәрін – казармаларды, техникаларды, қару-жарақты өз көзіммен көрдім. Офицерлерді тыңдау, қызметтің қалай өтіп жатқандығы туралы білу өте қызықты болды. Енді мен өз өмірімді армиямен байланыстыру үшін әскери оқу орнына түсу туралы байыппен ойланамын" экскурсияға қатысушылардың бірі он үш жасар Нұрлан
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, әскери қызметке деген қызығушылық сезімін қалыптастыруға және Отанды қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етері анық.