Алматы маңындағы өртті сөндіруді таулы жер бедері қиындатты

3355
Фотосурет: Gov

ҚР ТЖМ құтқарушылары Алматы облысындағы өртті оқшаулады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қарасай ауданындағы Орта Қырғауылды шатқалында шамамен 8 гектар аумақта құрғақ шөп жанды.

Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, тік көтерілулермен және өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түсті. Барлық жұмыстар жаяу  жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам мен 25 бірлік техника тартылды.

Жағдай ТЖМ бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -