Тазабек «Пикник by Partners» фестивалінде: Астанада тазалық пен мейірімділік акциясы өтті

1331
Фотосурет: Gov

26 шілде күні Астанада өткен ауқымды «Пикник by Partners» фестивалінде «Астана Жастары» еріктілері қонақтарды ерекше әрі игі акциямен қуантты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль барысында қонақтардың арасында Астана тұрғындарына жақсы таныс Тазабек — бойшаң қуыршақ жүріп, қолына: «Егер сен тазалықты қолдасаң – құшақтасайық!» деген жазуы бар тақтайша ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жолай өтіп бара жатқан адамдар тазалық символын қуана құшақтап, естелікке суретке түсіп, акцияның идеясын қолдады.

Айта кетейік, бұл акция бірден бірнеше маңызды тақырыпты қамтыды: экологиялық сана, әлеуметтік бірлік және азаматтық белсенділік. Еріктілер мұндай шынайы және жағымды бастамалар арқылы игі істерге қоғам назарын аударуды жалғастырып келеді.

Сонымен қатар, фестиваль барысында жүргізушілер сахнадан маңызды үндеу жасады: «Біз есірткіге қарсымыз!» — бұл сөздер жастар үшін денсаулық, қауіпсіздік және заңдылық әрдайым басымдықта болуға тиіс екенін еске салды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -