Қарағанды облысында тұрғын үй мәселелері кезек тәртібімен қарастырылуда

1188
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарының жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәселелерін шешу үшін облыстың әр түкпірінен тұрғындар келіп, сұрақтарын қойды. Биылғы қабылдауда тұрғын үй мәселесіне қатысты өтініштер басым болды.

Осы тақырып бойынша мүгедектер, көпбалалы аналар, өрт салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар және тұрғын үйге мұқтаж зейнеткерлер жүгінді. Оларға тұрғын үй беру мәселелерінің кезек тәртібімен шешілетіні жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, өңірді көгалдандыру, Приозёрск қаласындағы көпқабатты үйдің сыртын жөндеудің сапасына қатысты мәселелер, сондай-ақ жеке құрылысқа арналған жер учаскесін алу туралы сұрақтар қозғалды.

Кездесу мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Негізгі сұрақтардың басым бөлігі сол жерде шешімін тапты. Толығырақ қарауды қажет ететін мәселелер заңнамаға сәйкес әрі қарай шешілу үшін бақылауға алынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -