Ақтөбеде тұтынушыға туристік сертификаттың құны толық қайтарылды

1419
Фотосурет: freepik.com

Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласының тұрғыны ата-анасына сыйлық ретінде тур агенттіктен 600 000 теңгеге туристік сертификат сатып алған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алайда анасының денсаулығына байланысты  сапарға шығу мүмкін болмаған.

Тұтынушының айтуынша, турфирма арқылы ешқандай тур, ұшақ билеті немесе қонақүй броньдалмаған, яғни туристік қызмет нақты көрсетілмеген. Соған қарамастан, агенттік өкілдері қаражатты қайтарудан бас тартқан. Тек кейін тұтынушыға төлеген соманың 10%-ын ұстап, қалғанын ғана қайтаруға дайын екендігін хабарлаған.

 "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.

Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын  және оларға қысым жасайтын келесі талаптар жатады:

  • сатушы шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
  • сатушыға шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар, қызмет үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру.

Осылайша, сыйлық сертификаты – туристік қызмет үшін төленген алдын ала төлем болып табылады. Егер келісімшарт тоқтатылып, қызмет көрсетілмеген болса, сатушының сертификат үшін төленген ақшаны ұстауға құқығы жоқ. Мұндай әрекет негізсіз байыту болып саналады.

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, тұтынушыға құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, наразылық парағын жазуға көмек көрсетілді.

Нәтижесінде тұтынушыға 600 000 теңге қаражаты толық көлемде қайтарылды.

Егер тауарды немесе қызметті еркін таңдау құқығы бұзылса, тұтынушы Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 25, 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары бойынша жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, тұтынушы  өтінішін онлайн режимде Е-өтініш, @kzpp_bot телеграм-бот немесе e-tutynushy.kz  бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жібере алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -