Стритбол және экология: Астанада спорттық турнир өткізілді

1232
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласының Байқоңыр ауданында жастар арасында стритболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнирдің ашылуына Астана қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм қатысты.

Жарыста 16-25 жас аралығындағы белсенді жастардан құралған 5 команда жүлдеге талас жүргізді.

«Стритбол – жастар арасында кең танымал, заманауи әрі қолжетімді спорт түрі. Бұл ойынды ұйымдастыру оңай. Ал ашық алаңда өткізілуі қатысушыларға еркіндік пен серпін береді. Стритбол жастардың физикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, көшбасшылық қабілетті және әділ бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді» Жарыс ұйымдастырушысы Қазбек Алмаз

Жүлдегерлер Байқоңыр ауданы әкімдігінің және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен дипломдар, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Аудан аумағында мұндай спорт іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әсіресе, «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен жыл сайын бірнеше спорттық және әлеуметтік турнир ұйымдастырылады. Аталған іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға, жастар белсенділігін арттыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» секілді бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -