Қапшағайдағы асау толқындар: құтқарушылар қасіреттің алдын алды

1166
Фотосурет: @qr_tjm / бейнежазбадан кадр

Бүгін Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшейіп (15-20 м/с), салдарынан Қапшағай су қоймасында толқындар көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оларды байдаркалар мен китбордтарда жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кетті. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмады.

Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -