«Аэрофлот» жүйесіндегі ақаулар: бұл жағдай Қазақстан жолаушыларына қалай әсер етеді

1892
Фотосурет: DKnews

«Аэрофлот» әуе компаниясының мәліметінше, бүгін компанияның ақпараттық жүйесінде техникалық ақау орын алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Компания өкілдері бұл ақау тек Ресей ішінде орындалатын ішкі әуе рейстерін реттейтін ішкі IT-жүйелерге ғана қатысты екенін хабарлады.

Аталған техникалық ақау халықаралық рейстерге, соның ішінде Қазақстан бағытындағы рейстерге әсер етпейді. Қазақстанға және Қазақстаннан орындалатын рейстер қолданыстағы кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, рейстерді тоқтату жоспарланбаған.

Сонымен қатар, SU1962/1963 «Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты орындалмаған. Барлық жолаушыларға хабарлама жіберілді, тасымалдау SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейстің мәртебесі өзгерген жағдайда барлық қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады.

Компания барлық жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ұсынады.

Министрлік «Аэрофлот» әуе компаниясының өкілдерімен жедел кеңес өткізді, оның барысында жолаушыларға алдын ала ақпарат беру және тиісті қызметтер көрсету қажеттігі атап өтілді. Бұл мәселе Министрліктің ерекше бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -