Жауынгерлік атыс: «Дарбаза» полигонында бөлімшелер үйлесімді іс-қимыл деңгейін арттыруда

2343
Фотосурет: Gov

«Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының взводтары мен бөлімшелері командирлерінің қатысуымен жауынгерлік атыстан әдістемелік нұсқау беру сабақтары өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Негізгі мақсат – командирлерді және бағынысты жеке құрамды штаттық атыс құралдарын пайдалана отырып, тиімді ұрыс жүргізуге үйрету. Бөлімшелерді шебер басқару қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті екінші мотоатқыштар батальонының командирі майор Азамат Қуатов.

Әскери қызметшілер заңсыз қаруланған құраманың шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Оқытудың барлық элементтері нақты ахуалға барынша жақын жағдайда өтті.

«Жауынгерлік үйлесімділік деңгейін арттыру үшін әдістемелік нұсқау беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Жеке құрам «жақсы» бағаланып, жүктелген міндеттерді орындады», – деді мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Бегжан Ибрагим.

«Дарбаза» полигонында күндізгі және түнгі уақытта 50-ден астам жауынгерлік атыс жоспарланған. Сабақтың 30-дан астамы екіжақты ұрыс түрінде өтіп жатыр. Бөлімшелер шартты қарсыластың белсенді әрекетіне қарсы өзара іс-қимылға көшеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -