Ерлан Қарин Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

3003
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Басқосуда жауапты министрліктер басшылары мен  Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері баяндама жасады.

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша заң жобаларын, «Қазақстан балалары»  бағдарламасын, ішкі саясат саласындағы концептуалдық құжатты әзірлеу, сондай-ақ өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады. Олардың жүзеге асырылу барысы бойынша жиналыс тұрақты түрде өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -