5546 әскери бөлімінде жас сарбаздарға қару табысталды

5049
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде Отанға адал болуға ант берген 200-ден астам жас сарбазға салтанатты түрде қару табысталды, передает DKnews.kz.

Шара әскери бөлімнің саптық алаңында өтті. Қатар түзеген жас жауынгерлерді бөлім командирі, подполковник Самет Құлахмедов құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

"Кеше ғана Отанға адал қызмет етемін деп әскери ант қабылдаған сіздерге бүгін жауынгерлік қару табысталып отыр. Бұл — үлкен жауапкершілік. Қарумен бір жыл бойы жауынгерлік міндеттеріңізді атқаратын боласыздар. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Еліміздің бейбіт аспаны астында қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында ғана қолданатын болыңыздар" бөлім командирі

Салтанатты рәсім жас сарбаздардың рухын көтеріп, әскери борышқа деген жауапкершіліктерін нығайтты. Алдағы уақытта олар Атырау қаласының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -