2025 жылдың тамыз айында тапсыру қажет салық есептері мен төлемдері

2079
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Тамыз айында салық төлеушілер тоқсандық және жартыжылдық салық есептіліктерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, барлық міндеттемелерді уақтылы орындауға шақырады. Бұл өсімпұлдар мен басқа да жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салық есептіліктері:

15 тамыз:

  • 101.03 және 101.04 нысандары – 2-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер;
  • ⁠200.00 нысаны – 2-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  • ⁠300.00 нысаны – 2-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация;
  • 400.00 және 421.00 нысандары – маусым айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп;
  • 570.00 нысаны – 2-тоқсанға экспортқа салынатын ренталық салық;
  • ⁠590.00 нысаны – 2-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  • 710.00 нысаны – 2-тоқсанға ойын бизнесіне салық;
  • ⁠880.00 нысаны – 2-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
  • 910.00 нысаны – 1-жартыжылдыққа арналған оңайлатылған декларация;
  • 913.00 нысаны – 2-тоқсанға бөлшек сауда салығы бойынша АСР декларациясы.

20 тамыз:

  • 328.00 нысаны – шілде айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

Төлемдер:

20 тамыз:

  • Шілде айына ЕАЭО-да ҚҚC;
  • Шілде айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

25 тамыз:

  • Тамыз айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
  • ⁠Шілде айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
  • Шілде айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
  • Шілде айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
  • 2-тоқсанға бөлшек сауда салығының АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС;
  • ⁠2-тоқсанға ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем;
  • Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
  • Жер учаскелерін пайдалану, су ресурстарын пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсер ету, радиожиілік спектрін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлемдердің ағымдағы төлемдері;
  • Шілде айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.

Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -