ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында табиғи өртті сөндіруде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Алматы облысының 112 ТЖД пультіне Алматы облысының Қарасай ауданында, таулы жерлерде, Долан ауылының маңында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі тіркелгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су ағызып жатыр.
Сөндіру таулы аймақпен, кіреберіс жолдардың жоқтығымен, биік шөп және бұталардың болуымен қиындатылуда.