Алакөл көлінде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болды.
Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер құрлыққа сәтті жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
ТЖМ суға шықпас бұрын су көлігінің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.