Петропавлда түтінге толған үйден 100-ге жуық адам эвакуацияланды

1331
Фотосурет: Gov

 Бүгін Петропавлда өрт сөндірушілер Ж.Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде болған өртті сөндірді.

Өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды DKnews.kz.

СҚО өрт сөндірушілері 97 адамды баспалдақпен эвакуациялап, жедел жұмыс жасады. Сонымен қатар, 29 адам, оның ішінде 6 бала автокөлік сатысымен құтқарылды. 

Барлық тұрғындар түтінді ғимараттан уақтылы шығарылғанның арқасында зардап шеккендер жоқ.

Құтқарылғандардың ішінде 2 мысық та болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -