Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 01.08 №13 бұйрығына сәйкес «Д.М. Автоломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамау заңнамаға сәйкес лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
Заңға сәйкес ломбард микрокаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «ломбард» деген сөзді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар ломбард клиенттері, ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.