ҚР банктері рейтингтік агенттіктердің назарында

1089
Фотосурет: Максим Золотухин

Сенімді банкті таңдаған кезде бірнеше факторды ескерген жөн: банктің қаржылық тұрақтылығы, беделі, қызмет ауқымы мен ашықтық деңгейі. Негізгі бағдарлардың бірі – халықаралық агенттіктер беретін кредиттік рейтингтер.

Рейтингтер әлемінде беделі мен ықпалы жоғары үш ірі халықаралық агенттік бар:

  • S&P Global Ratings (Standard & Poor’s);
  • Moody’s Investors Service;
  • Fitch Ratings.

Олардың қызметі тәуелсіз аудит арқылы қатаң реттеліп, тексеріліп отырады. Бұл агенттіктер банктердің тек қаржылық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар өтімділік деңгейі, активтердің сапасы, корпоративтік басқару, макроэкономикалық тәуекелдер, елдегі саяси тұрақтылық пен нормативтік орта сияқты бірқатар факторларды бағалайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, халықаралық агенттіктер беретін рейтинг — бұл банктің өз міндеттемелерін орындай алу қабілетін бағалайтын тәуелсіз агенттіктердің «сенім куәлігі».

Отбасы банк екі бірдей халықаралық агенттіктен жоғары кредиттік рейтинг алды: Moody's — Ваа1 деңгейінде және Fitch Ratings — ВВВ деңгейінде, бұл Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингтеріне сәйкес келеді және банктің ел ішіндегі ең жоғары кредиттік қабілеттілігін айғақтайды. Биыл 16 шілдеде Fitch Ratings халықаралық агенттігі Отбасы банкінің ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингісін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты». Fitch Ratings пікірінше, Отбасы банкінің капитал қоры жеткілікті, өтімділігі жоғары және кредиттері сапалы. Агенттік мынадай негізгі рейтингтік факторларды атап өтті:

  • Даму институты ретінде және мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтіндіктен, банк мемлекеттік қолдауға иек арта алады.
  • Ипотека және қолжетімді баспана саласындағы стратегиялық рөлі.
  • Несие портфелінің сапасы жоғары: 2025 жылғы бірінші тоқсанның соңында құнсызданған кредиттердің үлесі небәрі 0,3%-ды құрады. Құнсызданған кредиттерді жиынтық резервтермен жабу деңгейі тұрақты түрде жоғары болып отыр — сол күнгі мәліметке сәйкес 88%-ды құрады.
  • Табыс деңгейі жоғары әрі капиталы жеткілікті — орташа капиталдың жылдық табыстылығы 20%-ды құрады, бұл көрсеткішке операциялық тиімділіктің тұрақтылығы мен резервтерге жұмсалатын шығынның аз болуы ықпал етті. Fitch Ratings әдістемесі бойынша негізгі капитал 2025 жылдың бірінші тоқсанының соңында 42%-ды құрады, бұл берілген ипотекалық кредиттер бойынша тәуекел деңгейінің төмен екенін көрсетеді.
  • Банктің өтімділігі жоғары, ал қаржыландыру негізінен ұзақмерзімді көздерден қалыптасады, қаржыландырудың негізгі көздері — мемлекет субсидиялайтын бөлшек клиенттердің ұзақмерзімді жинақ депозиттері, сондай-ақ берілген ипотекалық кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде ашылған шоттар (2025 жылдың бірінші тоқсанының соңында олар банктің жалпы міндеттемелерінің 75%-ын құрады).

Some Image

Ең жоғары рейтингке ие банктердің қатарында Halyk Bank пен Kaspi Bank те бар.

Мәселен, Halyk Bank бірден үш халықаралық рейтингтік агенттіктен баға алған:

  • Moody's — Baa1, болжам — «Тұрақты»;
  • Fitch Ratings — BBB−, болжам — «Тұрақты»;
  • S&P Global Ratings — BBB−, болжам — «Тұрақты».

Moody's және S&P Global Ratings берген баға бойынша Halyk Bank-тің рейтингісі Қазақстан Республикасының егемен рейтингісіне сәйкес келеді.

Kaspi Bank бойынша бағалар мынадай:

  • Moody's — Baa3, болжам — «Тұрақты»;
  • Fitch Ratings — BBB−, болжам — «Тұрақты»;
  • S&P Global Ratings — ағымдағы жылдың ақпан айында рейтинг банктің бастамасымен қайтарылды.

Қалған банктерге қатысты ақпарат жоғарыдағы ақпараттық кестеде көрсетілген.

Тағы бір маңызды жайт: Қазақстанда лицензиясынан айырылған банктердің көпшілігінің рейтингтері төмен болған немесе мүлде болмаған. Рейтингтің болмауы немесе оның төмен деңгейі мұндай банктердің қаржылық тұрақтылығының әлсіздігін және тәуекелдерінің жоғары екенін көрсетті. Бұл халықаралық рейтингтік агенттіктер жүргізетін тәуелсіз бағалаудың маңыздылығын айғақтайды.

Some Image

Айта кетерлігі, соңғы жылдары рейтингтік агенттіктер ҚР ЕДБ-ға қатысты бағаларын жақсартып келеді: рейтингтер мен болжамдарды көтеріп немесе оларды бұрынғы деңгейінде сақтап отыр. Ал банк секторына берілетін жалпы бағаға келсек, агенттіктердің бағалауынша, банк секторы сыртқы күйзелістерге тұрақты болып, жалпы ахуал біртіндеп жақсарып келеді.

Мысалға, 2019 жылға дейін жоғары рейтингтер сирек құбылыс болатын, ал қазіргі таңда жағдай айтарлықтай жақсарды.

Some Image

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -