Өскеменде сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

1254
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz

Әскери оркестр сүйемелдеуінде  жауынгерлік  ту  ортаға   шығарылған арнайы іс-шарада 166  сарбаз қару алды.  Айтулы шараға әскери бөлім офицері,  әскери бөлім ардагерлері сондай-ақ өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

- Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдадық.  Бұл күн мен үшін  мерейлі және жауапты сәт. Өйткені, қолымызға  жауынгерлік қару алып тұрмыз. Өзімді құдды шайқасқа дайын бес қаруы сай батырдай сезінемін. Енді  мен  Ұлттық  ұлан қатарында азаматтардың  бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етіп,  ел тыныштығын  күзетуде жан аямай қызмет етуге дайынмын, - дейді қатардағы жауынгер Арсен Тоқтарбай.

Енді  сарбаздар  өздеріне  тапсырылған  қаруға  бір жыл бойы жауапты болады.  Отан  алдындағы  борышын адал  атқаруға  ант  берген жауынгерлер Абай, Алматы, Түркістан облыстарынан және  Алматы және Павлодар қаласынан әскерге шақыртылған. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметшілер Өскемен қаласындағы қоғамдық тәртіпті күзететін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -