2025-2026 оқу жылына арналған білім беру грантының иегерлері анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан астам грант бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданды.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысының 99%-ы игерілді.
2025 жылы «Серпін» бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлініп, олардың 83%-ы игерілді.
Батыс өңірінің жастарына арналған мақсатты гранттар 2024 жылға сәйкес 100% игерілді.
Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 365 грант бөлінді.
2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды.
Гранттар ел экономикасының болжамды кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді. Ең көп гранттар келесі бағыттар бойынша бөлінді:
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 18 846 грант
- Педагогикалық ғылымдар – 13 226 грант
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 11 615 грант
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 379 грант
- Қызмет көрсету саласы – 2 200 грант
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915 грант
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485 грант
- Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант
- Ветеринария – 1 275 грант.