Ерлан Карин қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бойынша тапсырмалар берді

1056
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.

Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Осы ретте Ерлан Қарин заңдарды сақтаудың, конфессия саласын ғылыми тұрғыдан зерделеудің және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін айтты.

Жиын соңында мемлекеттік органдарға қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту үшін күш жұмылдырып әрекет етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -