Алматыдағы энергетикалық нысандардың қысқа дайындығы тексерілді

935
Фотосурет: Gov

Елімізде энергетикалық нысандардың алдағы қысқы жылыту маусымына дайындығы жалғасуда, бұл үдеріс Энергетика министрлігінің бақылауымен жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы қаласында Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев энергетикалық инфрақұрылымның 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындығымен танысты.

Ол «АЛЭС» АҚ-ның ЖЭО-2 станциясына барып, жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді, сондай-ақ «АТКЭ» ЖШС-нің «Премьера» және «Орбита» қазандықтарында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жобасымен танысты. Бұдан бөлек, «АЛТС» ЖШС-нің «Алмагүл-Оңтүстік» сорғы станциясына дейінгі ТК-4-2 жылу желілері учаскесі де тексерілді — мұнда жылу желілерін жаңғыртудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Ерекше назар жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімдер мен көлемдерге сай орындалуына, сондай-ақ олардың сапасына аударылды.

Кездесулер барысында энергия кәсіпорындарының өкілдерімен жылыту маусымына дайындық, технологиялық ақауларды болдырмау, жылу және электр желілерін пайдалану кезіндегі проблемалық мәселелер мен энергетикалық жабдықтардың жұмысындағы ықтимал тәуекелдер талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -