200 қазақстандық Қытайда су ресурстарын цифрландыру бойынша білім алады

1276
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қытай су мамандарын бірлесіп даярлау жұмысын келесі жылы да жалғастырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China компаниясы су шаруашылығы саласының мамандарын даярлау бойынша бірлескен бағдарламаны келесі жылы да жалғастыратын болды. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қытайдың ең ірі компанияларының бірінің басшылығымен кездесті.

Тараптар алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның су саласы мамандарын даярлаудың бірлескен бағдарламасын жалғастыру жайы сөз болды. Кездесуде алдағы жылы да Қытайда курстар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл курстардың негізгі бағыты – су ресурстарын басқаруды цифрландыру болмақ. 2026 жылы шамамен 200 адамның Қытайда білім алуы жоспарланып отыр. Биылғыдай, курс шығынын Қытай тарапы толығымен өз мойнына алады.

Биыл Қытайда Қазақстанның су шаруашылығы саласының 121 маманы оқудан өтетінін айта кетейік.

«Біз Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Онда су саласында жоғары білікті кадрларды даярлауда жүйелі тәсілдің қажет екені атап өтілген болатын. Сондай-ақ алдымызда су шаруашылығы саласын цифрландыру және автоматтандыру міндеті тұр. Бұл бағытта да қытайлық әріптестеріміздің тәжірибесі қазақстандық мамандар үшін өте пайдалы болады деп ойлаймын» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -