Азаматқа «EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасы арқылы қызмет алуға жәрдем көрсетілді

1199
Фотосурет: Sputnik / Владислав Воднев

 «1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар.

Онда азаматтар «EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне қызмет алушы «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметіне көрсету нәтижесін ақпараттық жүйеде ақауларға байланысты алмауы туралы өтінішпен жүгінді. Департаменттің жауапты мамандары өтініш иесі және қызмет берушімен кері байланыс орнатты.

Өтінішті қарау барысында кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, оған ағымдағы жылдың 17 шілдесінде «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» қызметі көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -