Орал қаласында ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қатаң режимдегі колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға күзет аймағында жоспарлы патрульдеу барысында орын алған. Қызметтік наряд қоршау маңында күмәнді қимыл жасаған ер адамды байқайды. Тексеру кезінде оның түзету мекемесі аумағына алты ұялы телефонды лақтыруға оқталғаны анықталды.
Жедел әрекет еткен әскери қызметшілер құқық бұзушыны оқиға орнында ұстап, тәркіленген заттарды тиісті органдарға тапсырды.
Ұсталған сәтке тікелей куә болған Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Фархад Жаңбырбаев жағдайды былайша баяндады:
Біз ер адамның бұталардың арасынан бір затты алып, қолын сермегенін көрдік. Бұның тыйым салынған затты қоршаудан асырып тастау әрекеті екенін түсіндік. Қаруласым екеуміз дереу тоқтатып, ұстап үлгердік. Барлығы бірнеше секунд ішінде болды