KazHackStan 2025 мемлекет, бизнес, сарапшылар мен хакерлерді біріктіреді

1001
Фотосурет: kazhackstan.com

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша ең ірі тәжірибелік конференция — KazHackStan 2025-тің ақпараттық серіктесі болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биылғы шара 17–19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, SADU ARENA-да өтеді және Zero Day тақырыбына арналады. Zero Day — бұл осалдық жүйенің ішінде болғанымен, ешкім әлі білмейтін күн. Мұндай қауіп түрі киберқылмыскерлерге энергетика, көлік, байланыс сияқты ең маңызды инфрақұрылымдарға көзге түспей еніп, ұзақ уақыт бойы анықталмай тұруға мүмкіндік береді. Мұндай шабуылдар кенеттен және жойқын болады. Алдын ала қорғану мүмкін емес, себебі әлсіз тұс әлі анықталмаған.

Конференция аясында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ басқарма төрағасы Жүнісбек Асқар Рахымбайұлы қатысып, негізгі сын-қатерлер мен ұлттық киберқорғаныс жүйесін дамыту перспективалары жөніндегі өз көзқарасымен бөліседі.

KazHackStan 2025 — аймақтағы жетінші рет өтетін ең ірі киберконференция. Ол мемлекеттік органдарды, бизнесті, сарапшылар қауымдастығын және хакерлерді бір алаңда тоғыстырады. Шараға Қазақстаннан, ТМД, Еуропа, Азия және АҚШ елдерінен 6000-нан астам қатысушы мен 65-тен аса спикердің келуі күтіледі.

Конференция бағдарламасы

  • Day 1 – GOVERNMENT & BUSINESS DAY: саясат, реттеу, деректердің таралуы бойынша жағдайлар және киберқорғаныстағы сындарлы қателер.
  • Day 2 – SECURE DEVELOPMENT DAY: қауіпсіз әзірлеудің үздік тәжірибелері, ЖИ мен бұлтты технологиялар жағдайындағы қорғаныс.
  • Day 3 – HACK DAY: шабуылдардың тікелей көрсетілімі, Red Team vs Blue Team, ең ірі хакерлік жарыс CyberKumbez финалы.

Шараны TSARKA Group ҚР ЦДИАӨМ-нің Киберқорғаныс орталығымен бірлесіп.

Толығырақ бағдарлама туралы ақпарат: kazhackstan.com

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -