Бүгін, 14 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында министр жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Одан бөлек, Аида Балаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, БАҚ өкілдерімен кездесті.