2025 жылғы 11–15 тамыз аралығында Өскемен қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қалқан-2025» бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара Қазақстан Республикасында атом электр станциясының құрылысы қарсаңында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болды.
Оқу-жаттығулар барысында мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру сценарийлері пысықталды.
«Қалқан-2025» оқу-жаттығулары Қазақстанның атом энергетикасы саласында озық технологиялар мен басқару әдістерін қолдануға дайын екенін, сондай-ақ елдің тұрақты даму қағидаттары мен аса маңызды нысандарды қауіпсіз пайдалануға бейілділігін көрсетті.