Бұрын бұл жерде жарылыстардың дауысы естілсе, бүгінде туристердің шат күлкісі жаңғырады!
Чжэцзян провинциясындағы Юйцунь ауылы – «Жасыл тау, тұнық су – баға жетпес байлық» қағидатының жарқын үлгісі. 90-жылдары Юйцунь «миллионерлер ауылы» атанғанымен, бұл байлық табиғатқа қымбатқа түсті: жарылыс жұмыстары, тас өндіру, цемент зауыты.
2005 жылы бетбұрыс кезеңі туды – сол кезде Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы болған Си Цзиньпин таз-құз болып қалған карьерлерді көріп, осы тұжырымдаманы жария етті.
2006 жылдан бастап ауыл жаңа бағытқа бет бұрды: кеніштер жабылып, табиғат қалпына келтірілді. Қазір мұнда – рапс егістіктері, лотос тоғандары және «жасыл» туризм дамуда. 2024 жылы Юйцуньге 1,22 миллион турист келіп, ауыл кірісі 60 миллион юаньға жетті, ал тұрғындардың орташа жылдық табысы 74 000 юаньды құрады.
Юйцунь табиғатпен үйлесім – өркендеудің кепілі екенін дәлелдей білді!