Алматыда мұғалімдерге арналған «ақылды» мектептер мен ЖИ өнімдері таныстырылды

1111
Фотосурет: Gov

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» Республикалық тамыз конференциясы аясында заманауи цифрлық, техникалық және педагогикалық шешімдерге арналған ауқымды көрме өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға 20-дан астам цифрлық шешімдер, білім беру платформалары және техникалық инновациялар әзірлеуші компаниялар қатысты.

Көрме бес тақырыптық аймаққа бөлінді.

«Келешек мектептері» — ұлттық жоба аясында «Әр мектеп – үздік мектеп» қағидаты бойынша салынған жаңа мектеп инфрақұрылымының үлгісі ұсынылды. Қонақтар мектеп макетімен және оны басқару жүйесімен танысты.

«Абай ұлттық мектебі» — Мемлекет басшысының бастамасымен Алматы қаласында салынып жатқан бірегей мектептің макеті мен білім беру бағдарламасы көрсетілді. Мұнда оқыту Абай философиясына негізделіп, классикалық құндылықтар заманауи әдістермен ұштастырылған.

«Дарынды балалар – ел мақтанышы» — халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары - талантты оқушылардың жетістіктер аймағы. Олар биология, физика, химия және география салаларындағы өздерінің ғылыми және технологиялық жобаларын таныстырды.

Техникалық және кәсіптік білім берудегі үздік тәжірибелер — студенттік стартаптар, мехатроника саласындағы шешімдер, құрылысқа арналған VR-технологиялар, «ақылды үйлер» прототиптері және робототехника үлгілері.

Білім берудегі цифрлық шешімдер — мұғалімдерге, мектептер мен колледждерге арналған инновациялық платформалар мен жасанды интеллект өнімдері ұсынылды. Олардың қатарында бұлтты сервистер, сабақ кестесін автоматты жоспарлау жүйелері, білім беру экожүйелері, функционалдық сауаттылыққа арналған тренажерлар және педагогтердің кәсіби дамуына бейімделетін платформалар бар.



Ерекше қызығушылық тудырған аймақ — жасанды интеллект қолданылған шешімдер болды. Мұнда мұғалімдерге арналған смарт-көмекшілерден бастап, әрбір оқушыға бейімделіп, оқу процесін өзгерте алатын интерактивті симуляторларға дейінгі жобалар ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -