Сәтбаев каналы өңірдің табиғи аймақтары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп отыр

781
Фотосурет: Gov

Биыл «Қазсушардың» «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы экологиялық мақсатта 170,5 млн текше метр су жіберді. Оның ішінде 120 млн текше метрі Шідерті–Өленті табиғи аймағын сақтау және қалпына келтіру үшін Шідерті өзені арқылы бағытталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл су Шідерті өзенінің жайылма алқабындағы шабындықтардың өнімділігін гектарына 16 центнерден 19,3 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Шідерті өзеніне су жіберу Павлодар облысының экономикалық және экологиялық ахуалын едәуір жақсартты. Бұл мал азығын мол жинауға және балық шаруашылығы көлдерінің өнімділігін қалпына келтіруге септігін тигізді. Жыл сайын Қ. Сәтбаев атындағы каналдың суымен Шідерті өзенінің бойындағы 23 мың гектарға дейін жайылым мен шабындық суарылады», – деді «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы директоры Оңдасын Жиенқұлов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -