ШҚО-да ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы қалай жүзеге асырылуда

1001
Фотосурет: Gov

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен кездесуде интернетке қолжетімділікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2027 жылдың соңына дейін ауданның барлық ауылдарын интернетпен қамту жоспарланып отыр.

Облыста барлығы 234 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері тағы 16 ауыл желіге қосылды. Республикалық Жол картасына сәйкес 2027 жылдың соңына дейін тағы 123 елді мекен интернетпен қамтылмақ. Күршім ауданында бұл көрсеткіш 83,7%-ды құрайды. Дегенмен, 2379 тұрғыны бар 10 елді мекенде байланыстың жоқтығына немесе сапасының төмендігіне шағым түсіп жатыр Нұрымбет Сақтағанов

Атап айтқанда, Бурабай, Теректібұлақ, Топтерек, Ақши, Егіндібұлақ, Күршім-Қыстау, Қайнар, Жолнұсқау, Үшбұлақ және Қаратоғай ауылдарында интернет мәселесі өзекті болып отыр.

Өткен жылы байланысты жақсарту үшін Жолнұсқау, Үшбұлақ, Қаратоғай және Егіндібұлақ (Қараой ауылы үшін) елді мекендерінде биіктігі 40 метр болатын төрт антенна орнатылды. Жобаның құны – 626,8 млн теңге. Қазіргі уақытта байланыс операторлары нысандарды тексеріп, одан арғы жұмыстарға дайындық жүргізуде.

Қалған ауылдарды интернетпен қамту ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар ауданның 18 мектебінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін Starlink жиынтықтары орнатылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -