Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіру фактісі бойынша тергеу жалғасуда

1188
Фотосурет: ҚМА

ҚМА ШҚО департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында ''EastGoldStone'' ЖШС бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген.

Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

ЖШС заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.

Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді.

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -