Қазақстандық команда халықаралық форумда Eco Fashion арнайы номинациясына ие болды

946
Фотосурет: Gov

Қазақстандық делегация «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өзбекстанда «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ету.

Форумға Өзбекстан, Қазақстан және басқа да шет елдерден мыңға жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында конкурстар, семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және туристік жобалардың таныстырылымдары, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті. Сонымен қатар мәдени бағдарламалар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.

Қазақстандық команда құрылтайда сәтті өнер көрсетіп, КТК ойынында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Eco Fashion байқауында арнайы номинацияны да жеңіп алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -