Ұлттық ұлан офицері Мерхат Садыков “Tungi Run” марафонында топ жарды

1023
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Атырауда “ATYRAU JASTAR FEST-2025” жастар онкүндігі аясында өткен “Tungi Run” жүгіру марафоны мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шараға 250-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Жарыс Жайық жағалауы бойымен өтіп, қатысушылар 3 және 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынады.

Марафонға кәсіби спортшылармен бірге әуесқой атлеттер де қатысты. Үш шақырымдық қашықтықта ерекше көзге түсіп, мәре сызығын бірінші болып қаққан – Ұлттық ұлан офицері, капитан Мерхат Садыков.

Әскери қызметін спортпен ұштастырып жүрген офицер жарыс барысында жоғары дайындық пен табандылық танытты.

“Қызмет пен спортты қатар алып жүру – әрбір әскери үшін маңызды. Мұндай марафондар халықпен жақындасуға, жастарға үлгі болуға мүмкіндік береді. Бұл жеңісімді әскери бөлімім мен Ұлттық ұлан сарбаздарына арнаймын” марафон жеңімпазы Мерхат Садыков

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -