Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шығарылымда анонимді арналар мен «пікір көшбасшылары» арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні; боттар мен тролльдердің рөлі; неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні қарастырылады.
Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – «жерді шетелдіктерге беру» туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.
Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.