Air Astana «Zhas Kyran» бағдарламасы аясында осы айда Макаода өткен халықаралық FIRST® LEGO® League Asia Open 2025 чемпионатына қатысқан қазақстандық командаға әуе билеттерін ұсынып, сапарға шығуына мүмкіндік берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осының арқасында қазақстандық оқушылар әлемдік сайысқа қатысып, Explore (7–10 жас) санатында қола жүлдеге ие болды. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елден 150 команда қатысты.
«Zhas Kyran» бағдарламасы 18 жасқа дейінгі дарынды жасөспірімдерге халықаралық олимпиадаларға, турнирлерге және байқауларға қатысу үшін әуе билеттер ұсынады. Бағдарлама Қазақстандағы жас таланттарды қолдап, елдің адами капиталын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама және өтінім беру шарттары туралы.