Лоукостер FlyArystan күз-қыс маусымына билет сатуды бастады

1188
Фотосурет: Алексей Литвинов/FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымының ашылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Авиация саласында күзгі-қысқы навигация дәстүрлі түрде қазан айының соңында басталып, наурыз айының соңына дейін жалғасады. Бұл маусымда мектеп демалыстары мен бірқатар мерекелер қамтылады, сондықтан FlyArystan жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады. 

Әуебилеттерін және қосымша қызметтерді ерте брондау – ұшудың ыңғайлы күндері мен уақытын таңдауға, сондай-ақ тиімді тарифтер арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Лоукостерлердің басым бөлігі секілді, FlyArystan-да да динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданылады, яғни, билет құны сатып алу күні мен сұраныс деңгейіне байланысты өзгереді. Сәйкесінше, ең қолжетімді тарифтер дәстүрлі түрде ерте брондау кезінде ұсынылады. 

Сапарларды алдын ала жоспарлау мен қолжетімділікті басты назарда ұстай отырып, FlyArystan 2025-2026 жылғы күз-қыс маусымында жолаушыларына Қазақстан ішінде және шет елдерге жайлы бағыттардың кең таңдауын ұсынады. Қазіргі уақытта 56 ішкі және 14 халықаралық бағытқа билет сатылымы ашық. Қолжетімді бағыттармен әуекомпанияның ресми сайтында танысуға болады.

Әуебилеттерін ресми сайттан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа да сату арналары арқылы сатып алуға болады. Стандартты билетке әуе кемесіндегі кездейсоқ бір орын және салмағы 5 кг, өлшемі 56×23×36 см болатын бір қол жүгі кіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -