ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Аманат» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді. Ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 13 адамның сұрақтары мен өтініштерін қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстандықтар министрге жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрап, еңбек құқықтарының бұзылу фактілерін хабарлады.
Сондай-ақ мүгедектік топтарын тағайындау мәселелері, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін қолжетімді жәрдемақыларды кеңейту бойынша ұсыныстар, оларға қолдау көрсету шараларын көрсету тәртібін бұзу жағдайлары қаралды.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.