TikTok Таяу шығыс, Азия мен Африка елдерінде, соның ішінде Қазақстанда TikTok Ad Awards 2025 жарнама саласындағы креативті сыйлығының іске қосылғанын хабарлады. Марапаттау рәсімі желтоқсан айында Эр-Риядта өтеді, онда TikTok-тың бірегей мүмкіндіктері негізінде жарқын және нәтижелі маркетингтік науқандар құратын брендтер мен агенттіктер атап өтіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
TikTok екінші жыл қатарынан Ad Awards халықаралық сыйлығын өткізіп келеді, оның басты мақсаты теңтүпнұсқалылықты, шығармашылықты және эмоцияларды әсер қалдырарлық бизнес нәтижелерімен біріктіре алған брендтер ұсынған өңірдің ең шабыттандыратын жарнамалық науқандарын атап көрсету болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 1 қазаны мен 2025 жылдың 31 қазаны аралығында TikTok-та іске қосылған жарнамалық науқандар үшін әлдеқашан ашық. Қазақстандық брендтер мен агенттіктерден басқа сыйлыққа Әзірбайжан, Түркия, Кипр, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Ливан, Ирак, Египет, Марокко, Кения, Нигерия, ОАР, Пәкістан, Бангладеш және Шри-Ланка өкілдері қатыса алады.
Осы жылы қатысушылар жеті санат бойынша өтінім бере алады. Олардың әрқайсысы TikTok жарнамалық науқандарының сәтті өтуі үшін қажетті негізгі аспектілердің бірін көрсетеді:
- It’s the Creative for Me (Шығармашылық әлеует). Бұл санатта басты өлшемшарт креативті идея мен стратегия болып табылады. Бұл санат TikTok-та науқандарды іске асыруға батылдық танытқан, шығармашылық шекараларын бұза алған және әсерлі нәтижелерге қол жеткізген брендтер мен агенттіктер үшін ашық.
- Community Core (Қауымдастық дауысы). Мұнда креаторлардың ең жақсы қатысу тәжірибесі және платформа қауымдастығымен ең тиімді жұмыс атап өтіледі.
- Full Funnel Flex (Шұңқырдың барлық кезеңдерінде зейін қою). Маркетингтік шұңқырдың барлық кезеңдерінде өлшенетін нәтижелерді көрсететін интеграцияланған стратегиялары бар науқандар – танымалдылықты қалыптастырудан бастап конверсиялар мен сатылымдарға дейін.
- Big Branding Energy (Бренд күші). Мұнда креативті сторителлингтің көмегімен өзін жарқын түрде танытып, брендтің танымалдылығын едәуір арттыра алған науқандар атап өтіледі.
- Goal Digger (Мақсатқа жету). Брендтерге нақты бизнес нәтижелеріне қол жеткізуге – жарнамаға, конверсиялар мен сатуларға жұмсалған шығындардың өтелімділігін жақсартуға көмектескен жарнамалық науқандардың кейстері.
- Bougie on a Budget (Мәселе бюджетте емес). Бұл санат бюджет пен ресурстардағы шектеулер органикалық және ақылы контентті сауатты біріктіруге және платформа қауымдастығына әсер қалдыра отырып, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге кедергі болмаған науқандарға арналған.
- Sound On Please (Барынша дыбыс). Дыбыстық әсер шығармашылық идеяның негізіне айналған және науқанды мүмкіндігінше жарқын іске асыруға мүмкіндік берген науқандар үшін.
The People's Choice (Жұртшылықтың таңдауы). Бұл санатта марапаттау рәсімінің қонақтары дауыс беретін науқан жеңеді.
Сыйлықтың басты жеңімпазы ең жоғары марапатқа ие болады: The Greatest Of All Time (The G.O.A.T- "Нағыз аңыз"). Ол креативтілікпен ерекшеленген және қажетті нәтижелерге барынша тиімді қол жеткізген үздік науқанға беріледі. Марапаттың мақсаты-мәдениеттің жарқын үлгісін жасай алған, пайдаланушыларға қуаныш пен ләззат сыйлай алған және жалпы TikTok қауымдастығына оң әсер еткен брендті атап көрсету. G.O.A.T. сыйлығына үміткерлер автоматты түрде жеті негізгі санаттың кез келгеніне өтінім берген барлық қатысушылар болады.
«Өткен жылы біз көрген таңғаларлық креатив деңгейінен кейін біз TikTok Ad Awards сыйлығын екінші жыл қатарынан өткізуге қуаныштымыз, – деп атап өтті Шади Кандил, Таяу Шығыста, Түркияда, Африкада, Орталық және Оңтүстік Азияда ұсынылған TikTok-тағы Global Business Solutions департаментінің бас директоры – Бұл сыйлық тек жарнамаға ғана емес, сонымен қатар мәдени оқиғаларға айналатын, шабыттандыратын және шынайы бизнес нәтижелерге әкелетін жобаларға арналған. Біз брендтер мен агенттіктердің осы жылы ұсынатын батыл және инновациялық жұмыстарын асыға күтеміз».
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 31 қазанда аяқталады. Сыйлық туралы толық ақпарат және өтінім беру нысаны мына сайтта қол жетімді.