Тоқаев пен Си Цзиньпин стратегиялық әріптестіктің перспективаларын талқылайды

1199
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады. 

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -